Жергілікті түрде заңсыз контент, өнімдер немесе қызметтер

Саясат туралы толығырақ

ӨЗГЕРТУЛЕР ЖУРНАЛЫ
Саясат дәйектемесі
Реттеуші органдар немесе мемлекеттік құрылымдар қызметтеріміздегі контент жергілікті заңға қайшы деп есептесе, олар бізден контент шектелуін сұратуы мүмкін. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері контенттің заңсыз екендігі туралы есептер жібере алады. Бізге сот шешімдері де жіберілуі мүмкін.
Біз есеп немесе тапсырыс алған кезде алдымен оның қауымдастық стандарттарына сәйкестігін тексереміз. Контенттің саясатымызға қайшы келетінін анықтасақ, оны өшіреміз. Контент саясаттарымызға қайшы келмесе, Жаһандық желі бастамасының мүшесі ретіндегі міндеттемелерімізге және Корпоративтік адам құқықтары жөніндегі саясатымызға сәйкес, есептің жарамдылығын анықтау үшін толық заң сараптамасын, сондай-ақ адам құқықтарына тексеру жүргіземіз.
Есептер заңды түрде жарамды емес, тым кең немесе халықаралық адам құқықтары стандарттарына сәйкес келмейді деп есептейтін жағдайларда, біз түсіндіруді сұрай аламыз немесе ешқандай әрекет жасамаймыз.
Қауымдастық стандарттарына емес, жергілікті заң негізінде пайдаланушы контентіне қарсы әрекет ететін болсақ, контентті көру тек заңсыз деп болжанған юрисдикцияда ғана шектейміз және басқа жазалар немесе мүмкіндіктерге шектеу қолданбаймыз. Біз сондай-ақ зардап шеккен пайдаланушыға хабарлайтын боламыз.
Сондай-ақ жергілікті заңнаманы бұзатын контент туралы есептерді қалай бағалайтынымыз және мұндай жағдайларда контент көруді шектеген жағдайлар туралы есеп жариялаймыз, олар мұнда қолжетімді.
Пайдаланушы тәжірибелері
Facebook пайдаланушылары үшін ережелердің орындалуын қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатынын, мысалы, сіз Facebook-та болмауы тиіс деп санайтын контент туралы хабарлау, Қауымдастық стандарттарын бұзған жағдайда сізге ескерту жасау және белгілі бір контентті қарағанда ескерту экранын көрсету қалай жасалатынын қараңыз.
Ескерту: Бізде жақсарту процесі үздіксіз жүріп жатады, сондықтан мұндағы ақпарат сәл ескірген болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІ
Хабарлау
ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІ
Хабарлаудан кейінгі байланыс
ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІ
Контентті жою тәжірибесі
ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІ
Ескерту экрандары
Саясаттардың орындалуын қамтамасыз ету
Біздің саясаттарымыз бүкіл әлем бойынша барлық Facebook пайдаланушыларына қолданылады.
Тексеру ұжымдары
Біздің 15 000-нан астам тексерушіден тұратын ғаламдық ұжымымыз пайдаланушылардың Facebook-тағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн сайын аянбай еңбек етеді.
Мүдделі тұлғаларды жұмылдыру
Сыртқы сарапшылар, оқу орындары, мемлекеттік емес ұйымдар және саясат әзірлеушілері Facebook қауымдастық стандарттарын таратуға көмектеседі.
Жергілікті заңсыз контентке, өнімдерге немесе қызметтерге қатысты көмек алыңыз
Facebook-та Қауымдастық стандарттарына қайшы келетін контентті көрген жағдайда не істеуге болатынын біліңіз.
Анықтама орталығына өтіңіз