Meta адамдардың пікіріне құлақ асуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

2016 жылдан бастап Meta платформаларындағы контентті басқару үшін "жою, азайту, хабардар ету" деп аталатын стратегия қолданылды.
Бұл саясаттарымызға қайшы келетін зиянды контентті жоятынымызды, саясаттарымызды бұзбайтын, бірақ қиындықтар туғызатын контенттің таралуын азайтуымызды және адамдар қандай да бір түймелерді баспас бұрын, сондай-ақ қандай да бір контентті оқымас немесе бөліспес бұрын, оларға қосымша контекст бар ақпарат беруімізді білдіреді.
Бұл стратегияны жүзеге асыруға технологияларымызда не нәрсеге рұқсат етілетінін және не нәрсеге рұқсат етілмейтінін сипаттайтын саясаттарымыз көмектеседі. Ұжымымыз саясаттарымызды әзірлеу және күшейту үшін бірге жұмыс істейді. Оны өткізу тәртібі.

1

Біз саясаттарды жасау және жаңарту үшін технологиялар, қоғамдық қауіпсіздік және адам құқықтары бойынша әлемдік мамандармен бірлесіп жұмыс істейміз.

2

Біз қауіпсіздікті қорғауға арналған функцияларды жасаймыз. Бұл адамдарға контент туралы хабарлауға және аккаунттарды блоктауға, жасыруға немесе оларға жазылымнан бас тартуға мүмкіндік береді.

3

Саясаттарымыздың орындалуын адамдар мен технологиялар қамтамасыз етеді.
Біз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және саясаттарымызды, олардың орындалуы және ашықтық туралы есептерді бөлісу арқылы бізді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береміз.
policy-image
Саясаттарымыз
Біздің саясаттарымыз Meta технологияларында не нәрсеге рұқсат етілетінін және не нәрсеге рұқсат етілмейтінін анықтайды. Егер контент саясаттарымызға қайшы келсе, біз шара қолданамыз.
enforcement-image
Саясаттардың орындалуын қамтамасыз ету
Біз Facebook-тағы және Instagram-дағы қыруар контенттің ішінен саясаттарды бұзатын контентті анықтау, тексеру және шара қолдану үшін технологияларды және тексеру ұжымдарын жұмылдырамыз.
transparency-reports-image
Ашықтық туралы есептер
Біз адамдарға саясаттардың орындалуын қалай қамтамасыз ететінімізді көрсету үшін, мерзімді түрде ашықтық туралы есептерді жариялаймыз.
ranking-image
Бағалауды түсіндірудегі көзқарасымыз
Жасанды интеллект (AI) жүйелері Facebook фидін қарау, Instagram-да Reels видеоларын көру немесе Facebook Marketplace-ті шолу сияқты Meta өнімдерінде көптеген тәжірибелердің контент бағалауын хабарлайды.
Соңғы жаңартулар